– 106 келісі мөңке балық болса, 30 келісі - шортан, 27 келісі - қарабалық, 35 келісі - ақтабан, 12 келісі - алабұға, 5,5 келісі - торта және 0,5 келісі - сүйрік. Балық аулау ережесін бұзған 200 адамға қатысты хаттама толтырылды. Оның ішінде жеті материал Павлодар және Ақсу қалаларының әкімшілік соттарына қарауға жіберілді. Төрт адам Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 3-бөлігі, 383-бөлігі бойынша) қармақты қолданған. Екі жағдай тиісті құжаттарсыз балықты алу, өткізу және сақтауға қатысты, - дейді Самал Темірболатова.
Бүгінгі таңда балық аулау ережесін бұзу фактілері бойынша жалпы сомасы 2268,7 мың теңгеге айыппұл салынып, 2216,6 мың теңге (98 пайыз) өндірілген.