• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Технология 07 Тамыз, 2017

Қазақстанда ғарыштағы гамма-жарқылдарды зерттеуге арналған телескоп салынбақ

339 рет
көрсетілді

Қазақстанда Ғарыштағы жоғары энергетикалық жарқылдарды зерттейтін телескоп және зертхана салынады. Бұл туралы Назарбаев Университетінде «ECL17: Exploring the energic Universe 2017» энергетикалық ғарыш зертханасы бірінші халықаралық конференциясы барысында айтылды.

Назарбаев Университетінің жанындағы Энергетикалық ғарыш зертханасының ғылыми қызметкері Михаил Дессеняның айтуынша, Орталық Азия бойынша мұндай жабдықты алғаш болып Қазақстан орнатпақ.

«Әзірге тест жұмыстар жүріп жатыр, телескопта оптикалық камералар орнатылады. Телескоп ғарыштағы жоғары энергетикалық жарқылдарды бақылау үшін қолданылады, бұл гамма-жарқылдар және басқа да көздер. Ол Алматының оңтүстік-шығысына қарай 76 км жерде орнатылады. Бұл орын ғарышты бақылау үшін бұрыннан бері пайдаланылып келеді. Сол жерде жеке телескоп орнатылып, бірнеше жоба іске асырылады», - деп атап өтті М. Дессеня.

Жоба жетекшісі – қазақстандық ғалым-профессор Қанат Байкарин (Назарбаев Университеті)  және физикадан Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Смут (Калифорния). Қанатқақты жобаны ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландырады.