• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Футбол 07 Тамыз, 2017

Алексей Петрушин: Соңғы минутта гол жіберіп алғанымызға іштей қынжылып отырмын

160 рет
көрсетілді

Шымкенттің «Ордабасы» клубының бас бапкері Алексей Петрушин Қазақстан премьер-лигасының 22-туры аясында «Астана» командасына қарсы ойыннан кейін пікір білдірді.

Елордалықтарды жеңісімен құттықтаймын. «Астананы» жеңу оңай емес. Біз үшін ауыр матч өтті. Ойыншыларым берген нұсқауларымнан жаңылып қалды. Оның үстіне айына сегіз ойыннан өткізсек, енді бірде аздаған үзіліс болып, үш аптада екі матчқа қатыстық. Бұл да кері әсерін тигізбей қоймады. Мәселен, командамның алғашқы таймда көрсеткен ойыны көңілімнен шықпаса, келесі 45 минутта қауіпті сәттерді көбірек ұйымдастырдық. Аздаған сәттіліктер жетспей жатты. Матчтың соңында гол жіберіп алғанымызға іштей қынжылып отырмын. «Астанаға» «Селтикке» қарсы ойында сәттілік тілеймін!

- Тең ойынға көңіліңіз толар ма еді?

- Олай айтуға келмес. Себебі, «Астананың» гол салатын бірнеше мүмкіндігі болды. «Ордабасының» да екінші таймда есеп ашатын сәттері болған еді. Елордалықтар бәлкім жеңіске лайықтырақ шығар. Бірақ мен ешқашан да тең ойынды қанағат тұтпаймын. Әрі мақсат етпеймін. Бұл матчта ойынның ритмін жоғалтып алғанымызды байқадым.

- Өзге ойындарда «Ордабасы» үш орталық қорғаушымен ойнайтын. Бұл жолы неге орталық қорғанысты екі адамға сеніп тапсырдыңыз?

- Біз негізі қорғанысқа төрт адамды жауапты етіп қойғанбыз. Қос қапталды толығымен жабу үшін осындай қадамға барлым. Қазіргі уақытта Патрик Твумаси «Астананың» ең үздік ойыншысы болғандықтан үш адамды ғана қою қиындау болды. Твумаси өзін алаңда қысымға алмаған кездері жақсы сезінеді. Себебі, ол өте жылдам. Оны бос қойсаң Партикті ұстау мүмкін емес. Оны барынша тұсаулап ұстауымыз керек еді. Негізі біз бұл жоспарымызды орындадық десек те болады. Бірақ қаперімізде Жуниор Кабананга да болды.

- Бүгін Самат Смақов та, Таңат Нөсербаев та алаңға шықпады. Себебі неде?

- Самат қазір сырқаттанып жатыр. Матчқа үш күн қалғанда қызуы көтеріліп, ангинасы ұстап қалды. Ал Таңаттың белінде аздаған жарақаты бар.

- «Астана» мен «Селтик» арасындағы ойын жайлы өз ойыңызды білдіріңізші.

- Мен білсем, «Селтик» Қазақстанға осымен үшінші рет келеді. «Астана» үшін ең маңыздысы Шотландияда жоғары деңгейде өнер көрсетуі керек. Ол жақта жанкүйерлердің қолдауын, қысымға қарсы тұра алса, ары қарай өтетін мүмкіндігі бар. Елордалықтарға осы мақсатты жүзеге асыруларын тілеймін!

- Гол соғылардан шамамен 30 секунд алдын ойыншыны алмастырдыңыз. Осыны өзіңіздің тактикалық қателігіңіз деп есептейсіз бе?

- Мен олай ойламаймын. Бұл футболдағы қарапайым сәттердің бірі.

Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»