• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2011

Қарусызданудағы рөлі аталды

299 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Парламентшілер ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру үшін парламенттік бірлестіктің бас хат­шысы Элин Уэйерді қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Палата Төрағасы мейманға Яд­­­­ролық қарусыз әлем үшін ха­лықаралық форумның жұмысына қатысуға келгені үшін риза­шы­лығын білдірді. Сіздің ұйымның мақсаты ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі ор­тақ мүддеге әлем парламентшілерін біріктіруге бағытталған. ХХІ ғасыр ядролық қарусыз ғасыр болуы – баршамыздың ортақ мақ­сатымыз, – деді О.Мұхамед­жа­нов. Қазақстан – бейбітшілік пен қауіпсіздік мақсатын ұстан­ған мемлекет. Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті Нұ­р­сұл­тан Назарбаевтың 1991 жылы 29 тамыз күні «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қоюы маңызды қа­дам болды. Содан кейін Қазақ­стан ядролық қарусыздануға қа­тысты барлық басты құжаттарға қол қойды. Мәжіліс Төрағасы әлемде апат­ты қаруға қарсы мәлімдемелер, декларациялар көп болғанын, ал­ай­да, Қазақстан дүние жүзі бой­­ынша ядролық қарудан бас тарт­қан бірінші мемлекет екенін айт­­­ты. Семей сынақ аймағында 40 жыл ішінде 456 ядролық сынақ жасалған. Соның залалынан бір жарым млн адам зардап шекті. 304 мың шаршы километр жер уланды. Осындай апатты бастан кешкен Қазақ елі ядролық қару­дың қандай тажал екенін жақсы біледі. 2006 жылы Қазақстан, Қыр­ғыз Республикасы, Тәжік­стан, Түркіменстан және Өзбек­стан ядролық қарудан азат Орта­лық Азия аймағын құру туралы келісімге қол қойды, деді Мәжіліс Төрағасы. О.Мұхамеджанов сондай-ақ 2009 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баста­ма­сымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы қарар қабылдағанын жеткізді. 2010 жы­лы сәуір айында Вашингтон қаласында ядролық қауіпсіздік жө­ніндегі жаһандық Саммитте Президент Н.Назарбаев ядролық қарусыз әлем декларациясын әзір­­леу қажеттігі жөнінде ұсыныс жасады. 2011 жылы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті осы бастамасын тағы да жария етті, деді О.Мұхамеджанов. Мәжіліс Төрағасы мейманға би­ыл ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғы аталып өтетінін, осы кезең ішінде Президент Н. Назарбаев­тың сындарлы саясатының арқа­сында Қазақстан жаңа мемлекет пен демократиялық институттар­ды қалыптастыруда, ұлттарара­лық және діндераралық келісімді сақтауда айтарлықтай жетістікке қол жеткізгенін мәлім етті. Қа­зақстан халқы Ассамблеясы құ­рыл­ғанын, елімізде 140-тан астам ұлт пен ұлыс, 40 шақты діни ұйымдар өкілдері бейбіт тұрып жатқаны мәлімделді. Элин Уэйер өз кезегінде ядор­лық қарусыздану ісінде Қазақ­стан­ның үлкен тәжірибесі бар екенін айтты. Мейман өзі жетекшілік ететін ұйымның атқарып жат­қан қызметтеріне тоқталды. Ұйым бүгінгі таңда әлемнің 75 елінен 800-ден астам парламентшіні біріктіріп отыр. Астанадағы форум ынтымақтастық байла­ныс­ты дамыта түсетініне сенімдімін, деді мейман.