Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында заңның үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударып, осы бағытта дайындық жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігін айтты.
– Біз бүгін қылмыстық қудалау жүйесін жаңғыртудың базалық бағыттарын жетілдіру жөніндегі мәселені қарастырып отырмыз. Солардың қатарында, қылмыс процесінде азаматтарды қорғау деңгейін арттыру, тергеу жүргізу тәртібін оңтайландыру, қылмыс процесіндегі жарыспалылық, сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын одан әрі күшейту, қылмыстық қудалау, прокуратура және сот органдары арасындағы өкілеттіктердің қайталануын болдырмау және оларды нақты бөлу, – деді Елбасы.
Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.