• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Тамыз, 2017

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады

334 рет
көрсетілді

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 12 тамыз күні елдің басым аймағында құбылмалы ауа райы сақталады, өткінші жаңбыр, бұршақ күтіледі, найзағай ойнап, жел күшейеді. Республиканың тек батысында күн жауын-шашынсыз өтеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ пен дауыл болжанады, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда тұман болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с артады, түнде және таңертең тұман болады.

Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін, түнде жекелеген аумақтарда желдің жылдамдығы 18-23 м/с артады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл көтеріледі, бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, түнде және таңертең тұман болжанады.  

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.