• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Тамыз, 2017

«Терминатор» фильмінің алтыншы бөлімі түсірілетін болды

252 рет
көрсетілді

Әйгілі америкалық актер Арнольд Шварценеггер «Терминатор» фильмінің алтыншы бөліміне түсетін болады. Бұл туралы Fox News телеарнасы хабарлады.

«2018 жылдың наурыз айында «Терминатордың» түсіріліміне қатысамын. Режиссер Джеймс Кэмерон мен продюсер Дэвид Эллисон түсірілім тобының құрамына қайта оралады», деді 70 жастағы Шварценеггер.

Джеймс Кэмерон фантастикалық фильмнің алтыншы бөлімін түсіру туралы шешімін растады және Калифорнияның экс-губернаторы терминатордың емес, оның прототипі - адамның рөлін сомдайтынын жеткізді.