• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Үкімет 14 Тамыз, 2017

Сағынтаев Армения Премьер-Министрімен ынтымақтастықтың жаңа формаларын талқылады

302 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастар, атап айтқанда ынтымақтастықтың жаңа формаларын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, оның ішінде көрсетілетін қызметтер мен жаңа технологиялар сауда-саттығы бар. Осы орайда, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-армияндық Үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысы атап өтілді.

Сондай-ақ, транзиттік-логистикалық әлеуетті дамыту, халықаралық ұйымдар аясындағы және Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық үдерістерді нығайтудағы өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.

Бұдан өзге, тараптар Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін және а. ж. 16 тамызға жоспарланған Арменияның Ұлттық күнін өткізу барысын талқылады.