• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Үкімет 14 Тамыз, 2017

Премьер-Министр Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысты

229 рет
көрсетілді

Шараға РФ Үкіметінің төрағасы Д. Медведев, АР Премьер-Министрі К. Карапетян, БР Премьер-Министрі А. Кобяков, Қырғызстан Премьер-Министрі С. Жээнбеков, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т. Саркисян қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев Үкіметаралық кеңестің отырысы Астанада өтіп жатқан Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне орайластырылғанын атап өтті, сондай-ақ қатысушылардың қолдауы мен елдердің шараға белсенді атсалысып жатқандарына алғысын білдірді.

Отырыс аясында Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттарын дайындау мәселелері, ЕуразЭҚ мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жобасы, сонымен қатар ЕуразЭҚ пен Иран Республикасы арасында еркін сауда аймағын құруға бағытталған уақытша келісімге қол қою бойынша келіссіздер жүргізу барысы талқыланды.

Сондай-ақ, ЕуразЭҚ мүше мемлекеттерге әкелінетін тауарларды кедендік декларациялауға жүргізілген мониторинг қорытындысы шығарылды және одақ аясында авиациялық оқиғаларды зерттеу комиссиясын құру мәселелері қаралды.

Бұдан өзге, одақтың өзге елінің аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекетте берілген ұлттық және халықаралық жүргізуші куәлігін өзара мойындау мәселесі қозғалды.

Айта кетейік, ЕҮАК отырысы биылдыққа үшінші рет өткізіліп жатыр. Бұған дейін кеңес отырыстары наурыз айында Бішкек қаласында (Қырғызстан) және мамыр айында Қазан қаласында (Ресей Федерациясы) өткен болатын.