Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Абу-Даби әмірі шейх Халифа ибн Зайд Әл-Нахайянмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, «Абу Даби – Плаза» ірі бірлескен жобасын іске асыру және инвестиция тарту туралы сөз болды.