• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2011

Заң жобасы таныстырылды

220 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатында палата Төрағасының орынба­сарлары Мұхамбет Көпеев пен Александр Судьиннің қатысуымен «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы болды. Отырысқа Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Қайрат Ищанов төрағалық етті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Таныстырылым барысында Қаржы министрі Б.Жәмішев, Эконо­­микалық даму және сауда министрінің орынбасары М.Құсайынов, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Б.Тәжіяқов сөз сөйлеп, бюджет қаржысын тиімді жұмсау, жергілікті инфрақұрылымды нығайту, денсаулық сақтау және білім беру нысандары құрылысын салу жөніндегі депутаттардың сауалдарына жауап берді. Бюджет қаржысының көрсеткіштері мұнай өндіруден басқа сала­лардағы тапшылықты бірте-бірте төмендетуге және осы бюджеттің тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Бюджет көрсеткіштерінің аясында республикалық қаржы әлеуметтік саланы нығайтуға, ауыл шаруашылығын, туризм мен спортты, байланысты дамытуға, индус­триялық-инновациялық, еңбекке орналастыру, тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларын іске асыруға бағытталады. «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы енді жұмыс тобында талқыланатын болады.