БАҚ өкілдері арасында жыл сайын өткізілетін бұл додаға биыл 22 команда қатысуда. Солардың қатарында жүлделі орындарға үміт артып отырған ұжымдардың бірі – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің командасы.
Сейдахмет Бердіқұлов 1933 жылдың 9 мамырында Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Қарақастек қыстағында туған. Қазақстандағы спорт жұлдыздарының жетістіктерін насихаттауға еңбек сіңірген.
1956 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. 1965-1970 жылдары «Қазақстан пионері» басылымының редакторы. 1970-1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 1986-1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болған.
Айта кетейік, қазақ спорт журналистикасының көрнекті өкілі Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған шағын футбол турнирі биыл осымен 20-шы рет ұйымдастырылып отыр.