• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Тамыз, 2017

«Сүйгенім бол!..»

526 рет
көрсетілді

Биыл С.Торайғыров атындағы Пав­ло­дар мемлекеттік университетінің әске­ри кафедрасында білім алған 78 студент оқу бітірді.

Әскери кафедраның алғаш­қы тү­лек­тері 2006 жылы бітірген болатын-ды. Осыдан екі жыл бұрын еліміздің Білім және ғылым министрлігінің, Қорғаныс ми­нистрлігінің көме­гімен университетте әскери кафедраның жұмысы қайта бас­талды. Салтанатты сәт те бас­талып, әр студент қолына қару алып, Отанына адал болуға, Отан үшін қызмет етуге ант берді. Осы сәт ант беру­шілер үшін ғана емес, ант қабылдау сәтін көруге кел­ген студенттердің ата-аналары, туыс­тары үшін де маңызды, толқынысқа толы болды. Студенттер әскери ант қабыл­даған соң, негізгі жеке құраммен сап түзеп, салтанатты маршпен жүріп өтті. Бар­лық жиналған қонақтар үшін олар әскери кафедраның әнұранын орындап, өздерінің соңғы вальстерін билеп берді.  Әскери іс-шара кезінде сту­дент Аман­­гелді Әйтенов Ант қабылдау рә­сімі­нен соң сүйік­ті қызына ұсыныс жаса­ды. Студенттер алаңның ортасы­на шығып, жүрек суретін бей­неледі. 

Әскери кафедрада білім алатын­дар­дың қатарына қо­сылу оңай емес. Екі жыл бойы студенттер әскери тәртіп­ті, елі­міздің Қарулы Күштерінің жарғы­ларын оқып танысады. Оқу орнының Әскери сабақ жүргізу кафедрасының басшысы, подполковник Сәбит Шын­теміровтің айтуынша, студенттер соңғы айды Шы­ғыс Қазақстан облысында ор­наласқан №2878 әскери бөлі­мінде әскери даярлықпен өткізді. Аталмыш бөлімде олар теориялық білімдерін тәжі­рибеде қолдануды, атыс техникасын, тактикалық жә­не инженерлік даярлықты үйреніп, басқа да әскери-оқу тапсыр­маларын орындапты.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР