Қазақстандық Денис Уланов Тайпейде өтіп жатқан жазғы Универсиада-2017 ойындарында ауыр атлетика сайысында алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Sports.kz
Қоссайыс нәтижесі бойынша Денис армяндық Андраник Карапетян мен оңтүстіккореялық Чжан Юн Хактан басым түсті.
1. Денис Уланов (Қазақстан) - 365 (165+200)
2. Андраник Карапетян (Армения) - 364 (170+194)
3. Чжан Юн Хак (Оңтүстік Корея) - 354 (163+191).