Парламент Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Плотников Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы кітапханада болды.
Депутат кітапхана қызметкерлерін Сенаттың заң шығару қызметі туралы хабардар етіп, өзінің «Закон сохранения доверия» атты кітабын таныстырды.
Сенатор кітапхананың бөлімдерімен және кітап қорымен танысты. Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері С.Плотниковке оқырмандардың бос уақытын сәтті ұйымдастыруға, әлеуметтік, білім беру мәселелерін шешуге, жаңа мүдделестер мен әріптестер табуға жаңа мүмкіндіктер табуға жол ашатын жобалар туралы айтты.
Сапар соңында Сергей Плотников кітапхана қызметкерлеріне табысты еңбектері үшін алғыс айтты.