• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2011

Энергетика әлеуетіндегі әріптестік

323 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Энергети­ка­лық әріптестік жөніндегі қа­зақстандық-америкалық бір­лескен комиссияның сегізінші отырысы өтті. Оған елімізден Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев пен АҚШ жа­ғынан осы елдің Энер­гетика министрінің орын­басары Дэ­ниэл Понеман қатысты. Басқосуда Қазақстан мен АҚШ-тың физикалық ядролық қауіпсіз­дік пен атом энерге­ти­ка­сы, көмір­сутек ресурстары, жа­ңа­ратын энер­гия көздері және энер­гия тиімділігі, электр энерге­ти­ка­сы сала­лар­дағы ынтымақтас­ты­ғын айқындай­тын бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды. Жи­ыннан кейін Мұ­най және газ министрі Сауат Мың­баев БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Жалпы алғанда, бензин ры­но­гын­дағы жағдай түзеліп келеді және жетіспеушілік көлемі жоқ деп айтуға болады. Сондай-ақ, өзде­ріңізге белгілі болғанындай, баға­ның төмендеу үрдісі, атап айт­қанда, дизель отынында бай­қалуда, деді аталған брифингте ведомство басшысы. Энергетикалық әріптестікке ар­налған келесі бірлескен оты­рыс 2012 жылы Вашингтонда өтеді деп жоспарлануда. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.