• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
18 Қазан, 2011

Жетімдерді жебейік

358 рет
көрсетілді

Астана қаласының Балалар үйінде «Қуан, сәби» деген атпен ашық есік күні өтті. Білім және ғылым министрлігі Балалар құ­қы­ғын қорғау  жөніндегі комите­ті­нің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған шараға жетімдерді қам­қор­лығына алуға ниеттенген азаматтар қатысты десек, жетім ба­ла­ларға пана болып келе жатқан үйде бүгінде 209 бала тәлім-тәр­бие алып жатыр. Олар 15-20 ба­ла­­д­ан тұратын 13 отбасыға бөлі­ніп, ағайынды  балалардың бір үйде  тұруына мүмкіндік жасал­ған. 2009-2010 жылдары ғимара­ты­на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген балалар үйінде 74 мыңнан астам кітап қоры бар кітапхана да жұмыс істеп тұр. Мұн­дағы әрбір баланың  денсау­лығына да аса зор мән беріледі. Емдеу, стоматология, физио, массаж кабинеттері жұмыс істейді. Жеткіншектер өнерден де құр ала­қан емес. Халықаралық дәре­жеде өткен  түрлі конкурстарда  жүлделі орындарға ие. Бүгінгі шарада үрмелі аспаптар оркестрі, би ұжымдары  өз өнерлерін ор­таға салып, келушілердің көңілін бір серпілтіп тастады. Жетімдер үйінің мақтанышы – ол мектеп түлектері. Олар бүгінде  Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Музыка акаде­миясында, медицина университетінде оқып жатыр. Балалар үйі­нен «Отбасын қорғау қыз­меті» атты кабинет ашылып, бала асы­рап алам деушілерге пси­холо­гия­лық көмек көрсетілетін болған. Жетімдердің  тағдырына бейжай қарамайтын азамат­тар­дың осы шараға көптеп келуі қуантты бізді. Динара ЖАМШИТОВА, журналист.