• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Тамыз, 2017

Петропавлда  мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балабақша ашылды

431 рет
көрсетілді

Конституция күні қарсаңында  облыс орталығында мектепке дейінгі балалар нысаны пайдалануға берілді.

Оның ашылуына аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қатысып,  90 орынды  балалар бақшасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде бой көтергенін, биыл 3 пен 6 жас аралығындағы балдырғандар толық қамтылатынын атап көрсетті.  Меншік иесі болып табылатын «Егоровкские склады» ЖШС директоры  Гарик Бернецян өз сөзінде  балабақшалар салу жұмыстарымен одан әрі айналысатындарын,  жыл аяғына дейін тағы бір нысанды іске қосатындарын жеткізді. Басқа кәсіпкерлерді Елбасы белгілеп берген бағдарламаға белсене қатысуға шақырды. Бүлдіршіндер үшін  мұнда  барлық жағдай жасалған.  14 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.  

Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы