• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Қыркүйек, 2017

Ұлттық экономика министрі жаңа салық кодексінің жобасын таныстырды

194 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңа салық кодексінің жобасын таныстырды.

«Егер салық төлеуші салық органының түсіндіруіне сәйкес әрекет еткен болса, айыппұл мен өсімпұлды қолданбау ұсынылады. Үстеме төлемнің дәлелділігіне талап күшейтіледі. Енді салықтық тексерудің актісінде сәйкесінше дәлелдер болуы тиіс», дейді Тимур Сүлейменов.

Министр өз сөзінде бизнеске заңнамадағы өзгерістерді түсіндіруге көбірек уақыт берілетінін жеткізді. Оның айтуынша, Салық кодексінің құрылымы өзгертіліп, әрбір бөлім дербестендірілмек.

«Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салықтық режімдерді сақтау қарастырылған. Жаңа баламалы тәртіп ұсынылады. Бұл айналымы үлкен, бірақ аз пайда табатындар үшін тиімді болмақ. Ол өз түсімінің жартысын растаусыз шегеруі мүмкін. Ал егер шығындарының есебін жүргізсе, оған бұл үшін сыйақы алады. Салық төлеушілерге режімді таңдауға мүмкіндік беріледі. Жұмыс тобы үйлесімді жаңа құжаты әзірлеуге қол жеткізді деп ойлаймын. Өзгерістер дауларды азайтып, тексерулерді шектейді деп есептеймін. Жаңа өзгерістер инвестиция тартып, еліміздегі шикізатты игеруге серпін береді», деді Тимур Сүлейменов.