• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2011

Инженерлік орталықтың жаңашыл бастамалары

255 рет
көрсетілді

Қазіргі жоғары технологиялар заманында экономиканың қай са­ласы болмасын күннен-күнге жетіліп, бәсекеге шыдау үшін жаңа инновациялық үрдістерді енгізуі қажет. Әсіресе, экономиканың басты қайраты – мұнай саласын ел игілігіне толық жарату жо­лында тиімді қадамдар мен стра­тегиялық жобаларды жүзеге асы­румен қатар, жаңа технология­ларды енгізу жұмыстарының ат­қарылуы аса маңызды. «Қазмұнайгаз» Барлау Өнді­ру» АҚ бұл орайда ауқымды іс атқарып, ширақ қимылдауда. Олай дейтініміз, осыдан 3 жыл бұрын, 2008 жылы Ақтау қа­ласында «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың құрылымдық бөлімшесі ретінде Инженерлік ор­талық құрылған еді. Бұл орта­лықтың негізгі қызметі – өн­дірістік активтердің тиімділігін арттыру. Орталық мұнай өндіру саласындағы ақпараттық қам­тамасыз етудің сапасын арттыру, мұнайды жер қойнауынан алу коэффициентін көбейту, ұңғыма­лардың құрылысы мен оларды толық жөндеуден өткізу жұмыс­та­р­ының сапасын арттыру және еңбек ресурстарын басқаруды жетілдіру сияқты бірнеше бағытта жұмыс істейді. Бұл орталықта компанияның барлық нысандарынан алынған ақ­парат шоғырланып, мұнай өн­ді­руде атқарылып жатқан барлық шаралардың объективті ақпарат­тық келбеті қалыптасады десе де болады. Бұл орталық біріншіден, мұнайды барлау, зерттеу және геологиялық-техникалық жұмыс­тар сияқты ұңғымалар туралы барлық ақпаратты жүйелендіруге көмектеседі. Мұндай өндірістік жүйелі ақпарат «Қазмұнайгаз» Бар­лау Өндіру» АҚ-тың мұнай өңдеуші өндіріс ошақтарынан бастап орталық аппаратқа дейінгі барлық деңгейдегі бөлімшелеріне ақпарат бір мезгілде қолжетімді болып, шешімдер мен іс-әрекет­тердің басшылық тарапынан тез қабылдануын қамтамасыз етеді. Екіншіден, бұл орталық үш қыр­лы модель жасау арқылы ал­ғашқы эксплуатациялық ұңғыма­лар­ды тиімді жоспарлауға, жаңа кен орнын жобалауға, мұнай өндірудің коэффициентін арттыру технологияларын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Айталық, гео­логиялық-гидродинамикалық үлгі­лер қолданылған бірқатар мұнай кеніштерінде өндірістік көрсеткіш­тер жақсарған. Осы орталықтың зерттеу ақпараты негізінде кө­мірсутектердің қосымша қорлары анықталып жатады. Соның ар­қасында, мәселен, Өзен кен ор­нының мұнай қоры бұрын белгіленген көлемнен 40%-ға артқан­дығы байқалып отыр. Үшіншіден, Инженерлік орта­лық­тың арқасында ұңғымалар құ­рылысының сапасы мен тиімділігі артады. Ұңғымалардың құрылыс­тық жұмыстарының мерзімі бұ­рынғыға қарағанда әлдеқайда қыс­қарып отыр. Инженерлік орталықта еңбек кү­шін басқару ісінің сапасын жақ­сарту мақсатында өндірістік филиалдар үшін нормативтік еңбек құ­жаттарын даярлау жұмыстары ат­қарылады. Ол үшін еңбек үдеріс­тері зерттеліп, белгілі бір жұмыс­тың қанша уақыт істелетінін өл­шейтін хронометраж жүргізіледі. Сонымен қатар, еңбекті ұйымдас­тыруда қандай да бір кемшіліктер байқалса, орталық еңбек қорларын тиімді пайдалану және оңтайлан­ды­руға байланысты ұсыныстар жасайды. Айта кету керек, «Қазмұнай­газ» Барлау Өндіру» АҚ-тың 2008 жылы Ақтау қаласында құрылған Инженерлік орталық – мұнай өн­дірісінің рентабельділігі мен мұ­най-барлау жұмысын ұйымдасты­руды жетілдіруге, өндірістік емес шығындарды азайтуға, еңбек қо­рын тиімді пай­далануға, өндіріс барысындағы ақ­па­раттың жүйелі­лі­гін арттыру мақ­сатында ауқым­ды жұмыстар атқа­рып келе жатқан Қазақстандағы бірден-бір мәлімет­тер орталығы. Осы­лайша ғылыми-практикалық мәлі­меттерді еңбек өнімділігін арт­тыруға жаратқан мұнай саласында бұдан басқа орталық жоқ. Әр компания қай салада болма­сын өзінің тапсырмасын осындай инновациялық үдерісіне енгізу арқылы жетілдіріп отырса, ел эко­номикасына өз үлесін қосары сөзсіз. Бір ғана мұнай компа­ниясының осындай жұмыстарын тоғыстыратын осы маңызды орта­лықтың жұмысын айта отырып, қазіргі индустриялық-инновация­лық бағдарлама аясында атқарыла­тын шаралардың бір қырын ғана көрсетіп отырмыз. Техника мен технология заманында бәселестік осы үрдістермен өлшенсе керек. Осы орайда, «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың Инженерлік орталығы өзге компанияларға үлгі болып отыр деп айтуға болады. Президенттің жыл сайынғы ха­лыққа Жолдауында жаңа техно­логияларды енгізу және пайдалану, инновациялық үдерістерді өндіріс саласына ендіру қажеттігі айты­лып келеді. Осы тапсырманы басшылық­қа алған «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың Инженерлік орта­лы­ғы арқылы мұнайды игеру сала­сының дамуына сүбелі үлесін қосып отыр. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.