• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қыркүйек, 2017

Астанада «Салған әнім шіркін-ай!» шығармашылық кеш өтті

521 рет
көрсетілді

Елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің әншісі Ардақ Балажанованың «Салған әнім шіркін-ай!» атты шығармашылық кеші өтті.

Кеш басында Ардақ «Ауы­лым көшіп барады», «Жел­сіз түнде жарық ай», «Бозбала», «Ой­лан, құрбым» сынды ән­де­рін Президенттік оркестрдің сүйемелдеуімен көрермендерге тар­ту етсе, Кенен Әзірбаевтың сө­зіне жазылған «Жақсы болса жан жарың» әнін үш ішекті домбырамен, сондай-ақ «Асыл зат», «Қоңыр жел» әндерін қос ішекті домбырамен орындап берді. Кешке әншінің өнердегі құрбы-құрдастары мен аға бу­ын өкілдері Досымжан Та­ңа­таров, Клара Төленбаева, Ел­мұра Жаңабергенова, Ерболат Шалдыбаев қатысып, жыр-термелер мен эстрадалық әндер орындады.

Ардақтың өнерге келуі, оның шығармашылық жетістіктері, әнші ретіндегі ерекшеліктері тура­лы ата-анасы Сәбира Ахме­това мен Байділхан Балажановтың, өнердегі ұстаздары Бек­болат Тілеухан, Бақытжан Кенен­ұлының пікірлерін, лебіздерін көрермен залдағы үлкен экран арқылы тамашалады. Бақытжан Кененұлы әншіге ең бірінші қа­жет нәрсе – дауыстың Ардақта бар екенін, оның кең тынысты ән­ші­лердің қатарына жататынын айтса, Бекболат Тілеухан оның өзіне тән ырғақпен сыршыл әндер айтатынын, сондай-ақ өз мәнерін тапқан әнші екенін жет­кізді.

Кеш барысында Ардақ Бала­жа­нова «Пай-пай» триосымен бір­ге де ән салды. Сондай-ақ «Наз» мемлекеттік би театрының да өнері көпшілікке ұсынылды. 

Айгүл СЕЙІЛ, «Егемен Қазақстан»