Астанада жыл сайын 17 қыркүйекте Astana Marathon 2017 марафоны өткізіледі. Бұл жолы Кениялық спортшы Astana Marathon 2017 марафонында жеке рекордын орнатпақшы.
Қазірдің өзінде қатысуға ұсыныс түсіргендердің саны 4393 адам болды. Шет елдерден келген 19 азамат қатысуға өтініш білдірген.
Алалған шарада Astana Marathon 2017 қатысушылары үшін 18 жастан асқандарға 42.2 км, 21.1км қашықтыққа, ал 10 шақырымдық эстафеталық марафонға 16 жастан жоғарылар қатысады және скандинавиялық жүру өтеді.
Жарысқа қатысу үшін www.astana42k.com сайтында онлайн тіркеуден өту керек. Сонымен бірге, онлайн өтініштерді де қабылдауда дэдлайн орнатылған.
Айта кету керек, 42.2 шақырым және 21.1 шақырымға жүгіретіндер 11 қыркүйекке дейін, ал 10 шақырымға жарысқа түсетіндер 14 қыркүйекке дейінтіркеледі. Сонымен қатар қатысу үшін 14 қыркүйекке дейін Crossfit Astana клубтары арқылы және 15-16 қыркүйек сағат 19:00-ге дейін Astana Marathon EXPO 2017 спорттық жәрмеңкесі кезінде тіркелуге болады.
Соңғы мәліметте 42,2 шақырым қашықтыққа 485 адам, 21,1 шақырымға 755 адам, 10 шақырымға 3143 қатысушы тіркелді. Марафонға Қазақстанның 22 қаласынан қатысушы тіркелді, сондай-ақ 19 шет елден (АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Италия, Кипр, Қытай, Ресей және т.б.) қатысушылар да бар.
10 шақырым қашықтыққа жүгіруге қатысу үшін ақы – 4000 теңге, қалған екі қашықтық бойынша 8000 теңге.
Марафоншылар сағат 06.00-ден бастап жиналу керек, жүгіру сағат 07.00-де басталады. Жиналу орны: Тұрар Рысқұлов көшесі, Түркістан 2 көшесінің қиылысы ЭКСПО-ға қарама-қарсы Р4 автотұрақ аумағы. Аяқталуы сағат 13.00-ге жоспарланған. 1-ші орынға ие болған жеңімпазға 850 000 теңге көлемінде сыйақы және «Air Astana» әуе компаниясына кез-келген бағытқа бару-қайту бағыты бойынша билет беріледі.