• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2017

«Павлодар-Алматы» бағытында жаңа пойыз қатынайды

373 рет
көрсетілді

2018 жылдың қаңтар айынан бастап «Павлодар-Алматы» бағытында заманауи жаңа пойыз жолға шығады.

«Павлодар-Алматы» бағытында жүретін 31/32 пойызының орнына жаңа заманауи «Тұлпар-Тальго» ЖШС-нің вагондары жолға шығады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиын барысында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның вице-президенті Айбат Кангалиев хабарлады.

Оның айтуынша, жаңа вагондар бейнебақылау, Wi-Fi, GPS құралдарымен, телеэкрандармен және биодәретханалармен жабдықталады.

– 26 вагоннан тұратын бұл пойыздардың жылдамдығы сағатына 200 километ, - дейді Айбат Кангалиев. - Бұл жол уақытын 3,5 сағатқа, нақтырақ айтсақ, 28 сағат 32 минуттан 25 сағат 6 минутқа дейін қысқартады. Темір жолмен сапарға шыққандарға «Экспресс» ұйымының 254 қызметкері қызмет көрсетеді. Жуық арада Павлодар станциясында филиалы ашылады. Айта кетейік, пойыздың жолдағы барлық 19 станциясы, билет құны өзгеріссіз қалады, қайта отырып баратын орындар бағасы арзандайды. Жолаушылар саны 400-ден 480-ге дейін жетеді. Температурасы -50 градустан +45 градусқа дейін жұмыс істей береді. Вагондардың жарамдылығы - 40 жыл. Еліміздің жолаушыларының көңілінен шығады деген сенімдемін.

Бұдан бөлек, «Тұлпар-Тальго» вагондарында мейрамхана, бар, жүк вагоны, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған вагон мен арнайы көтеру құралдары бар. Өз кезегінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов қызмет сапасына риза екендігін айтып, 2018 жылдың қаңтар айында «Павлодар - Алматы» бағытындағы жаңа пойыздың жолға шығуын салтанатты түрде атап өту керектігін айтты.