Астанада өтетін «Қандай зейнетақы алатаныңды біл» атты акциясы барысында кез-келген қала тұрғыны осы мәселеге қатысты көкейінде жүрген сауалға нақты жауап алуға мүмкіндігі болмақ.
Акцияны Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Астана қаласы бойынша филиалы — «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментімен бірігіп ағымдағы жылдың 18 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында өткізетін болды.
Осы акция барысында қала тұрғындары әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден сағат 12:00-ге дейін Сол жағалау, Достық, 13 көшесі мекенжайы бойынша орналасқан Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының Алматы ауданы бойынша бөлімшесінде Департамент және Мемлекеттік корпорация мамандарынан зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кеңес ала алады