Жанат Құрманов Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Бостанұлы Құрманов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.