• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2011

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

502 рет
көрсетілді

19 қазанда Президенттің «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Рес­публикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Байбектің төрағалығымен мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде республикалық семинар өтті. Семинар шеңберінде мемлекеттік басқару, бақылау қызметі тиімділігін же­тілдіру және өңірлер рейтингін өт­кі­зу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Елбасы Жарлығына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне айрықша көңіл бөлінді. Семинардың жұмысына Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Ресей Федерациясы Президентінің Бақы­лау басқармасының делегациясы, сон­дай-ақ орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары мен Астана, Ал­ма­ты қалаларының, облыстар әкімдерінің аппарат басшылары қатысты. Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі – Бақылау басқармасының бас­тығы К.Чуйченко Ресей Федера­ция­сы Президентінің тапсырмалары мен басқа да шешімдерін іске асыру үшін бақылауды қамтамасыз ету мәсе­лесі бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Байланыс және ақпарат министрі А.Жұмағалиев «Электрондық үкімет туралы», Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Байменов «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісі туралы» баяндамалар жасады. Пікір алмасу қорытындылары бой­ынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. «Егемен-ақпарат».