• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2017

Әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлес

492 рет
көрсетілді

ҮЕҰ-ға сыйлықақы болып оралады

Бүгінгі күнде сыйлықақыға үміткерлерден өтініш қабылдау науқаны аяқталды. Екі айдың ішінде 230 өтініш келіп түскен. Олардың ішінде Астана мен Алматы қалаларының, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыс­тарының ҮЕҰ белсенділік танытқан. Тұңғыш рет сыйлықақы әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға берілетін болады.

Дін істері және азаматтық қо­ғам министрлігінің азаматтық қо­ғам комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова жеңімпаздардың қалай анықталатындығын атап айтты. 

«Сыйлықақыны ұсынуға қойы­­латын талаптар мейлінше ашық ұсынылған. Сыйлықақыны алу үшін тапсырылған әрбір өтініш үш кезең бойынша баға­ланады. Баға­лауға – мекеме­нің тәжірибесі, қоғам тарапы­нан мойындалуы, ин­но­­вациясы, қызметтік тиім­ді­лігі, саланың, өңірдің, республи­ка­ның дамуына қосқан әлеуметтік үлес­і сияқты талаптар қойылатын бола­ды», – деп атап өтті Әлия Ғалымова. 

Ең көп өтінімдер мына ба­ғыт­тар бойынша ұсынылған: халық­тың әлеуметтік тұрғы­дан осал топтарын қолдау – 23%, жастар саясаты мен бала­лар бастамаларын қолдау – 12,1%, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; – 7,8%, қоғамдық келі­сімді және ұлттық бірлікті нығайту – 7,8%. 

14 өтінім ауылдық және 26 өтінім аудандық ұйымдардан келіп түсті. Бұл ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыларды беруге бағыт­талған байқауға қатысу үшін келіп түскен өтінімдердің жалпы санының 17 % -ын құрады. 

Сыйлықақының аз мөлшері 2000 АЕК-ке тең (4,5 млн теңге). Сыйлықақылар ҮЕҰ-ны инс­титуционалдық дамыту­ға, ұйым­ның жарғылық мақсат­тарына, оның материалдық базасын нығайтуға, қызметкер­лерінің біліктілігін арттыруға бағытталады. 

Сыйлықақыларды табыстау туралы шешімді Конкурстық комиссия мен ҮЕҰ-мен өзара іс қимыл бойынша Үйлестіруші кеңестің ұсынымдары негізінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2017 жылғы 1 жел­тоқсанға дейін қабылдайды. 

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»