• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2017

Моңғолиядан басталған экспедиция Ұлытауда қорытындыланады

519 рет
көрсетілді

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) ұйымдастыруымен қазақстандық және шетелдік бір топ ғалымдар мен зерттеушілер, тілшілер «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» ІІІ халықаралық экспедициясына шықты.

 

Аталған экспедиция Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында қолға алынып отыр. Академия басшысы Дархан Қыдырәлі бастаған құрам Ұлан-Батыр қаласынан басталған сапарды Ұлытауда аяқтамақ.

Естеріңізге сала кетсек, Түркі академиясы 2017 жылдың 15 тамызынан 17 қыркүйегіне дейін Моңғолия және Қазақстан аумағынан өтетін «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты кезекті ІІІ халықаралық экспедициясын ұйымдастырған болатын. Моңғолиядағы Кентай аймағынан бастау алған экспедиция 15-16 қыркүйек күндері Ұлытаудағы Алаша хан мен Жошы хан кесенелерінің басында қорытындыланады.

Екі күндік экспедицияға шыққан топ құрамында Түркия, Моңғолия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұрстан, Татарстан мен Ресейдің бір топ ғалымдары, зерттеушілері мен тілшілері бар.