Бүгін ШҚО Абай ауданының Қарауыл ауылында дала данышпаны, ұлы Абайдың əкесі Құнанбай Өскенбайұлының ескерткіші салтанатты түрде ашылды.
Ескерткіш авторы - семейлік мүсінші Нұрбол Қалиев. Балқаштың мысынан құйылған туындының салмағы 12 тонна, биіктігі тұғырымен қоса алғанда 7 метр. Мүсінші ескерткішті жасауға 10 ай уақыт жұмсағанын айтады.
Азамат ҚАСЫМ, "Егемен Қазақстан"
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы
Суретті түсірген автор