• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2011

Полицейлер пәтерлері

377 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні Астана қалалық ішкі істер департаментінің бір топ қызметкері қуа­ныш­қа кенелді – пә­терлі болды. Сары­ар­қа ауданындағы К.Бай­сейі­­това көшесіндегі №122 үйді пайдалану­ға беру салтанатына Астана қаласының әкімі Иманғали Тас­мағамбетов пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қатысты. – Биылғы жыл – қазақ хал­қы мен еліміз үшін өте маңыз­ды тарихи жыл. Тәуелсізді­гі­міз­дің 20 жылы ішінде Елба­сы­мыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқа­сын­да еліміз үлкен жетістіктерге жет­ті. Жалпы, мақтанарлық жағ­дай елімізде көп, оның ішінде Астананың орны бір бөлек. 10 жылдан астам уақыт ішінде   жас қала, әсем қала бой көтерді. Жыл сайын қалада көптеген ғимараттар, тұрғын үйлер беріліп келеді. Астана­лық­тар үшін 1 миллион 400 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылып жатыр. Соның бірі – баршамыздың қуанышымыз­ға, сіздердің өмірлеріңіз бақытты, баянды болуы үшін салынған мына үй. Қазақ халқы «Ер – елдің қорғаны» дейді. Расында да, елор­дадағы, еліміздегі тәртіп пен тыныштықтың сақталуы – сіз­дердің еңбектеріңіздің арқасы, – деді құттықтау сөз сөйлеген Иманғали Тасмағамбетов. Бұл кешеннің жалпы ауданы 8 947 шаршы метр. Пайдалануға берілген 108 пәтерлі бұл үйдің құрылысын «Бәйтерек-2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Қоныс той иелері – қалалық ішкі істер департаменті­нің қызметкерлері. Министр мен қала әкімінің қолынан пәтер кілтін алғандар арасында ауған со­ғы­сының ардагері, миграциялық полиция инспекторы Е.Секербаев, учаскелік инспектор Д.Рай­құлов, жол полициясының инс­пек­торы М.Карбеков, патрульдік полиция инспекторы К.Әнуар­бекұлы, тергеу басқармасының анықтаушысы А.Әкетаев, аға же­дел уәкіл Ж.Абдулаев, патрульдік полиция полкінің инспекторы С.Абсалямов және басқа қызметкерлер бар. Сондай-ақ, Ішкі істер министрі Қ.Қа­сы­мов қызмет бабында қайтыс бол­ған полиция қызметкері Асылбек Өмірбековтің жесірі Аумақ Ай­тол­қынға пәтер кілтін өз қо­лы­мен табыс етті. Екі бірдей жетім қалған баланы бағып отыр­ған Аумақтың өзі де бүгінгі күні құқық қорғау саласында қызмет етіп жүр. Ел Тәуелсіздігінің қарса­ңын­да «өз үйі, өлең төсегіне» ие болған 108 полиция қыз­меткері жасаған қамқорлық­та­ры үшін Елбасына, қала әкіміне және министр атына өз алғыстарын білдірді. Шарафаддин ӘМІР.