• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2011

Көңіл айту жеделхатын жолдады

310 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Респуб­ли­ка­сының Президенті Абдулла Гүлге террорлық әрекет құр­бан­дарына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп ха­бар­лады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Онда былай делінген: «Юксекова және Чукурджа аудандарындағы террорлық әрекет салдарынан түрік әскерлерінің қаза тапқаны туралы суық хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Бауырлас Түркияның басынан кешіп отырған осы орны толмас қасіретті Қазақстан халқы да бөліседі. Қазақстан халқының атынан және өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын».