• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қыркүйек, 2017

Автостоппен – Азияға

395 рет
көрсетілді

Доминик пен Барбара – Польша азаматтары. 23-24 жастағы сая­­­хатшылар қыркүйектің басында Таиландты бетке алып, елден шығыпты. Мақсаты – Еуразия құрлығын көктей өтіп, Таиландқа автостоппен жету.

 

Екі апта ішінде Доминик пен Барбара Литва, Латвия, Ресейден өтіп, Қазақстанға – батыс қақпа Орал қа­ласына жетіпті. Интернет ар­қылы алдын ала тапсырыс беріп қой­ған хос­телін таба алмай жүрген шетел­діктерді Берік Шадығали есімді орал­дық тұрғын кездестіріп, өз үйіне әкеліп, қондырып, қонақ етіпті.

– Сарытау жақта адасып жүр екен, интернет ұстамайды, Қазақстанның sim-картасы жоқ. Көші-қон поли­ция­сына апарып, құжаттарын реттеп, қаламызды аралаттым. Ұлттық асы­мыз­ды беріп, келесі күні шығарып сал­дым, – дейді Б.Шадығали.

Саяхатшылар ортағасырлық Жайық қаласының орнын көріп, облыстық өлкетану музейін тамашалаған. Орал қаласының көне ғимараттарына сүй­сі­ніп, жаңа алаңның сәулетін де ұна­тыпты. «Әсіресе өлкетану музейіндегі жәдігерлерге қатты таң қалып кетті», дейді қонақжай отағасы.

Доминик пен Барбара Facebook әлеумет­тік желісінде Wystopili - Autostopem do Azji атты парақша ашып, күнделік жүргізіп жүр екен. Кеше­гі жазбасында оралдық досы Берік­тің, жалпы қазақ халқының қонақ­жайлығына алғыс айтыпты.  

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

ОРАЛ