Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы «Qazaq Oil-R437» жанармай құю бекетінің аумағында жазатайым оқиға болды. Жанармай құю бекетінде металл бөшке жарылып, жалдамалы жұмысшы әртүрлі дәрежеде күйік алған, деп жазады Egemen.kz.
Lada.kz мәліметінше, оқыс оқиға 10 наурыз күні болған. Жарылыс салдарынан ер адам ауыр жарақат алған. Ал облыстық Төтенше жағдайлар департаменті аталған мекенжайдан шақырту түспегенін мәлімдеді.
Шахтинскідегі жарылыс: Пәтерді қасақана өртеді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды
«Өрт тіркелген жоқ. Анықтаушылар полицияның шақыртуымен ауруханаға барған. Зардап шеккен азаматқа ескерту жасалды, өйткені жұмыс барысында өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған», делінген Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы да оқиғаның мән-жайын анықтаған. Өз кезегінде Еңбек инспекциясы жұмыс берушілермен байланыс орнатып, түсініктеме алынған. Зардап шеккен азаматты таныстырған өкілдің (менеджердің) айтуынша, ер адам бір реттік жұмыстарға ғана тартылғандықтан, онымен еңбек шарты жасалмаған.
Щучинсктегі жарылыс: Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қазір мамандар азаматты нақты келісімшартсыз, жасырын жұмысқа тарту дерегі бойынша қосымша тергеуді жалғастырып жатыр. Қажетті негіздер анықталған жағдайда қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады.
Ақтөбеде газ құю стансасында жарылыс болды