• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қыркүйек, 2017

Терең білім – бәсекеге қабілеттілік кепілі

723 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары Сыр өңірі ерекше қарқынмен дамып келеді.

 Аймақта салынып жатқан зәулім үйлер құдды бір қала ішінен са­лын­ған қала іспетті. Қызылорда облысы аграрлық аймақтан ин­дус­триялық аймаққа айналуда. Өз ісін ашып, кәсіпкерлікпен айн­а­­лы­самын деушілердің қатары да көбейіп келеді. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылы 264 пәтер берілсе, 2015 жылы 2652 отбасы баспаналы болған. Сондай-ақ, 2015 жылы көп қабатты 53 үй тапсырылса, өткен жылы 80 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Соңғы 3 жылда 11 шағын аудан бой көтерген. 2016 жылы Қызылордада бір мезетте 4115 пәтерден тұратын көп қабатты үйлер салынды. Жақында ғана тағы да 264 отбасы баспаналы болды. Тәуелсіздік жылдары облыс аумағында 300-ден аса білім беру және денсаулық сақтау нысандары салынды. Қазіргі заманға лайықталған соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған медициналық, диагностикалық және қайта сауықтыру орталықтары бой көтерді. Үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесі шешілді.

Білім саласында да ауыз толтырып айтарлық жаңалықтар жеткілікті. Биылғы жылы мемлекеттік білім беру гранты конкурсының нәтижесінде облыс бойынша ҰБТ-ға қатысқан түлектердің 50 пайызға жуығы қазақстандық жоғары оқу орындарына түсті. Бұдан бөлек, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары арасындағы меморандум негізінде 62 түлек Мәскеу мен Санкт-Петербург уни­верситеттеріне қабылданды. Осы орай­да, бүгінгі күні Ресейде 500-ге жуық сырбойылық түлектер білім алып жат­қа­нын айта кеткн жөн. Соңғы 4 жыл қа­та­ры­нан әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан мектеп бітірушілер аймақ басшысының грантына ие болуда. Бұған дейін аталған грант негізінде 500 түлек оқыса, биыл 162 бала осы грантқа ие болды.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда 3600-ден аса Сыр жастары «Серпін» жобасы аясында бі­лім алуда.

Елбасының бастамасы бойынша биыл­дан бастап жүзеге асырылып жатқан «Ба­р­шаға арналған тегін кәсіптік-тех­ни­ка­лық білім беру» жобасы аясында 1565 бітірушіге республикалық және жер­гілікті бюджет есебінен колледждерде білім алуға мүмкіндік беріліп отыр. Би­ыл­ғы мектеп бітірушілер колледждер мен университеттерде білім гранты, ақы­лы негізде толықтай дерлік оқумен қам­тылды. 

Алдағы оқу жылы білім беруді ұйым­дас­тыруда өткен жылғы ендірілген жаңа­лық­тар жалғастырылатын болады. Атап айтқанда, білім берудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаңартылған білім беру мазмұнына өткен жылы бірінші сыныптар көшірілсе, биылғы жылы ол 2,5,7-сыныптарда жалғастырылатын болады. Осыған байланысты, аталған сыныптарда дәріс беретін 4369 педагог арнайы курстардан өтсе, 46345 оқушы 988 мың дана оқулықпен тегін қамтамасыз етіліп отыр. Ол үшін жергілікті бюджет­тен 1,3 млрд теңге қаралып, бүгінгі күні оқу­лықтар мектептерге жеткізіліп, оқу­шы­ларға таратылды. 

Сонымен бірге, алдағы оқу жылында жаратылыстану бағытындағы пәндерді жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқыту бағдарламасына сәйкес, оқушылар мен пән мұғалімдерінің дайындық дең­гейіне қарай республика бойынша кейбір мек­тептер оқу пәндерінің терминологиясын игеруге кіріседі. 

Облыста жоғары сыныптарда математика, физика, информатика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде игеруді бірінші кезекте алдымен мектеп-ли­цейлердегі мамандандырылған лицей сы­ныптарында жаратылыстану бағы­тын­да­ғы пәндерді тереңдете оқытып, оларды ағыл­шын тілінде игеруді енгізу қолға алын­ған болатын. 

Аймақта білім ошақтарын салуға да баса назар аударылып отыр. Өткен оқу жы­лы 13 мектептің құрылысы жүргізіліп, пай­далануға берілді. Биылғы жаңа оқу жылының қарсаңында Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарындағы апатты жағдайдағы 11 мектептің құрылысы жер­гі­лікті бюджет есебінен жүргізіліп, есігін ай­қара ашты. Сонымен қатар, Жаңақорған ау­данында 300 орындық 2 мектеп құры­лы­сы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қайта салынып, пайдалануға берілді.

Мұнан бөлек бүгінгі күні респуб­ли­ка­лық бюджет есебінен 300 орындық 5 мек­тептің құрылысы жүргізіліп, келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұған қоса 2018 жылы тағы да 5 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

– Білім беруді қолдау мен Сыр ұстаз­д­ары еңбегінің арқасында қол жеткізген табыстар аз емес. Мемлекет басшысының ұрпақ болашағы үшін білім саласының алдына қойған 3-6 жас аралығындағы бала­ларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту, үш ауысымды білім бе­­руді болдырмау, апатты мектептер ор­ны­на жаңа мектептер құрылысын са­лу жө­ніндегі негізгі үш тапсырмасы Қызыл­орда облысында толықтай орындал­ды. Мұны сенімді түрде айта аламыз, – дейді Қызылорда облыстық білім беру бас­қар­масының басшысы Бақытжан Сайлыбаев.

Басқарма басшысының сөзінен облыста білім беру саласын қаржыландыру жыл сайын өсіп келе жатқанын ұғындық. Облыстық білім басқармасы берген мә­ліметтерге сүйенсек, сала бюджеті 2013 жыл­мен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 89,3 млрд теңгені құрады. 

Бүгінде білім беру қызметі жалпы саны 293 болатын 9 бастауыш, 24 не­гіз­гі орта, 260 жалпы білім беретін ор­та мектептерде жүргізілетін болады     Жал­пы білім беретін орта мектептегі оқу­ш­ы­лар контингенті жаңа оқу жылында 7 мыңға дейін көбейіп, 148 643 бала білім алады деп күтілуде. Оның ішінде, 1-сыныпқа келетін балалар саны 700-ге артып, 18911-ге жетіп отыр. 

Оқушылар контингенті осылайша жыл сайын артқанымен, соңғы жылдары облыстағы мектеп құрылысының қар­қынды жүргізілуі мектептердегі оқу­шы орнының тапшылығын азайтып, оқу процесін екі ауысымнан асырмай жүр­гі­зу­ге толық мүмкіндік беріп келеді. 

Біртұтас үздіксіз білім беру жүйесінің не­гізгі іргетасы ол – мектепке дейінгі бі­лім беру мен тәрбие. Оның мәнін көте­ру – бүгінгі күнгі жалпы әлемдік тенден­ция­ның біріне айналғаны ақиқат. Елбасы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев 2020 жыл­ға дейін бүкіл елімізде 3 пен 6 жас ара­лығындағы балаларды 100 пайыз мектеп­ке дейінгі біліммен қамту мақсатын қой­ып, «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жа­һандық бәсекеге қабілеттілік» атты өз Жолдауында мектепке дейінгі білім беру­ді дамытуға мемлекет жекеменшік әріп­тес­тігін қолдану бағытындағы Қызылорда облысының жетістіктерін атап өтті. 

Бүгінгі күні облыстағы 791 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде 542 балабақша мен 249 ш­ағын орталықтарда 52899 бала тәр­бие­ленуде. Балабақшалардың 70,8 пайызы жекеменшік балабақшалардың үлесінде. 2017 жылдың 8 айында 56 жеке балабақша ашылды. Қармақшы ауданын­да 90 орындық 2 балабақшаның құ­­рылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, 7 балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Мұ­нан бөлек, мемлекет-жекеменшік әріп­тес­тігі аясында Қызылорда қаласының жа­ңа шағын аудандарында 320 орындық жә­не 280 орындық 2 балабақшаның құ­ры­лы­сы, Жалағаш ауданының Таң ауылында 120 орындық 1 балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қам­қорлық» жобасы аясында Қызылорда қала­сында 22 балабақшада арнайы және инклюзивті топтар ұйымдастырылып, арнайы мамандар жұмыс жасауда.

Соңғы үш жылда облыс түлектері өз білім деңгейлерін дәлелдеп, республикада білім көрсеткіші бойынша алғашқы бестіктің қатарынан көрініп келеді. Өткен оқу жылы мектеп бітірген 6564 түлектің 95 пайызы коледждер мен университеттерде мемлекеттік білім гранты және ақы­лы негізде білімдерін жалғастыруда. Бұл – ұстаздар еңбегінің нәтижесі. 

Биылғы жылы мектеп бітірген 6196 түлектің 4123-і жаңа форматтағы ҰБТ сынағынан өтіп, орташа 82,4 балмен республика бойынша өз білім деңгейлерінің жоғары екендігін тағы да дәлелдеді. 

Осы ретте тағы бір айта кетерлігі, 2015-2016 оқу жылы Назарбаев зияткер­лік мектептері мен «Білім-инновация» ли­цей­лерінің тәжірибесінде білім бере­тін 46 инновациялық мектеп-лицей­лер мен мектеп-гимназиялар қалып­тас­тырылды. 2016-2017 оқу жылында атал­ған мектептердегі 320 лицей сынып­та­рындағы 7358 оқушыға ағылшын тілі пәні аптасына арнайы бағдарлама бой­ынша 5 сағат көлемінде оқытылып кел­ген болса, жаңа оқу жылында олар ағыл­шын тілінде пәндердің терминологиясын иге­руге көшетін болады. Осы мақсатта 210 пән мұғалімдері арнайы тіл меңгеру курс­тарынан өтіп, әрбір сыныптағы оқу пән­дерінің ағылшынша терминологиясын игеруге қажетті оқу құралдарын даяр­лау қолға алынды. Оқу жоспары бой­ынша лицей, гимназия сыныптарын­да аптасына 4 сағат көлемінде жараты­лыс­тану, гуманитарлық бағыттағы пәнд­ер­ді тереңдетіп оқыту және ғылым негіз­де­рі бойынша 1500 сағат көлемінде ғалымд­ар­дың дәрістерін тыңдау жүзеге асырылды.

Әрине, жауапты білім беру үдерісін жүргізу үшін ана тілін және ағылшын тілін қатар меңгерген педагогтың қажет­ті­лігі белгілі. Бүгінгі күні маман боп қа­лып­тасқан пән мұғалімдеріне арнайы курс­тар арқылы ағылшын тілін меңгерту қолған алынды. Дегенмен, ағылшын тілін меңгеруде колледждер мен университеттерде кәсіби педагогикалық білімді 2 тілде, ана тілін және ағылшын тілін қатар меңгерген білікті мамандарды даярлау мәселесі өзекті болып отыр. Сол себепті Қызылорда облысы 2015 жылдан бастап республикалық әдістемелік орталық болып табылатын М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде «Білім-инновация» халықаралық қо­ры­ның қолдауымен ағылшын тілін меңгерген негізгі мектептің математика, физика, информатика пәндерінің мұ­ғалімдерін даярлау қолға алынды. Қа­жет­ті оқу-әдістемелік құралдары мен 2 тіл­ді меңгерген мамандармен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні колледждің 3 курсын­да 225 студент осы бағдарлама бойынша білім алуда. 2018-2019 оқу жылы «Ағыл­шын тілін меңгерген пән мұғалімі» білік­тілігін алған алғашқы 75 маман инно­вациялық мектептерде жұмыс жасайтын бо­лады.

Облыста құрамында мектеп-лицей, мектеп-лицей-интернат, маман­данд­ы­рылғын мектептер мен білімгерлер акаде­миясын құру арқылы білімнің сапасын бас­қару жүйесі қалыптастырылуда. Бұл ба­­ғыт­та әрбір аудан орталықтарында мек­­т­еп-лицей-интернат құру ұйым­дас­тырылуда. Бұл білім беру ұйымдарында Сыр елінің дарындылары мен ғалымдары бір­лесе жұмыс жасамақ.

Елбасы елімізді жаңғыртудың сара жолын жариялады. Ол технологиялық ілге­рі­леуге, рухани жаңғыруға және эко­но­­микалық өркендеуге негізделген. Руха­ни жаңғыру жолында ұлт тәрбиесі басты басымдық болып табылады. Міне, осы ұлт тәрбиесі мәселесінде ежелден сан-алуан мәдениет пен өркениеттің тоғысы болған Сыр өлкесінің табиғаты мен тарихы, шаруашылығы мен саясаты, мәдениеті мен адамдардың тіршілік әрекетін қосып оқушыларға ауқымды білім мен тәрбие беретін өлкетану пәнінің орны ерекше.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республика бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7 сыныптарында 2018-2019 оқу жылынан бастап әр ай­мақ­тың ерекшеліктеріне негізделген «Өлкетану» курсы оқытылатын болады. «Өлкетану» курсының мақсаты – туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, мә­дени, табиғи және басқа да факторлар ту­ралы білім қалыптастыру, туған елге де­ген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған таб­иғи ортаны аялауға тәрбиелеу болып табылады. 

Бүгінгі күні оқу жүктемесі 20 сағат кө­ле­мінде болатын аталған «Өлкетану» курс­ының үлгілік оқу бағдарламасы бе­кітілді. Облыс әкімінің қолдауымен «Өлкетану» курсының авторлар тобы жасақ­талып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оқу курсының мазмұны қыркүйек айында даярланып, «Білім» баспасына ұсынылатын болады.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ» деген сөзі басты ұстаным. Сөз жоқ, егер мұ­ғалім өз бойындағы жақсы қасиеттер мен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті бі­рік­тіре алса, ол – кемел ұстаз. Ал Сыр мұға­лімдері шәкіртінің бойындағы шам­шы­рақты жағуға дайын.

Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы