• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2011

Қарулы қақтығысты тоқтатады

808 рет
көрсетілді

Баскілердің сепаратистік ЕТА ұйымы қарулы күресті түпкілікті тоқтатындықтары туралы жария етті. Онда былай делінеді: «ЕТА Испания мен Франция үкіметтеріне жанжалдардың салдарын шешуге және қарулы қарсы тұрулардың аяқталуына бағытталған тікелей үнқаты­суларды бастау туралы үндеу тастайды». Испания премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро өзінің телеүндеуінде ЕТА-ның қарулы күресті тоқтату туралы мәлімдемесін демократияның, заңдылықтың және парасаттың жеңісі деп атады. ЕТА ұйымының тәуелсіз баск мемлекетін құру мақсатында 1959 жылы негізі қаланған болатын. Жаңа жоспарды мақұлдады Грекия парламенті бюджет шығыс­тарын одан әрі қысқартуды қарасты­ратын жаңа дағдарысқа қарсы жоспар­ды мақұлдады. Ол бойынша зейнетақы қысқарып, жылжымайтын мүлікке қосымша салық салынатын болады. Оған қоса, 10 мың мемлекеттік қызметші толық емес еңбекақы алуға көшіріледі. Мұндай жоспарды қабылдау Грекияға Халықаралық валюта қорынан, Еуропа орталық банкінен және Еуроодақтан 8 миллиард доллар қаржылай көмек бөліну үшін қажетті шарт болып табылады. Дағдарысқа қарсы жоспарға дауыс беру қарсаңында Грекияда екі күндік жаппай ереуіл болып өтті. Полициямен қақтығыстар салдарынан кем дегенде  16 адам жарақат алды. Бір адам жүрек талмасынан көз жұмды. Медведевтің табысы жария етілді Ресейдің Орталық  сайлау комиссиясы «Біртұтас Ресей» партиясынан Мемлекеттік думаға кандидаттардың табыстары туралы мәліметтерді жариялады. Олардың ішінде «БР-дің»  тізімін бастап тұрған ел президенті Дмитрий Медведев те бар. Жарияланған деректерге сүйенсек, бір жылда Медведев 3,37 миллион рубль тауыпты. Екі раритетті ГАЗ автокөліктері мен Мәскеуде пәтері және екі гаражы  бар екен. Сондай-ақ, оның атына бірқатар банктерден есеп ашылса, оларда 4,2 миллион рубль бар көрінеді. Көліктеріне келсек, біреуі 1962 жылғы ГАЗ-21 болса, екіншісі 1948 жылғы ГАЗ-20. Студенттермен кездесуін болдырмады «Әділетті Ресей» партиясының серкесі Сергей Миронов заңгер мамандық­та­рына оқытатын жоо-лар студенттерімен кездеспек еді. Бірінші кездесуі Ресей мемлекеттік инновациялық технологиялар және кәсіп­керлік университетінде өтуі тиіс болатын. Мироновтың айтуынша, біреулер ар­қылы оған жоғарыдан телефон шалынып, жоо басшылығына мұндай кездесуді өткізбеу туралы ұсыныс түскені жеткізілген. Ал оның алдында кездесу өткізуге «техникалық ақаулар» кедергі келтіріп отыр­ғаны көлденең тартылыпты. «ӘР-ден» қорқатындары соншалық, бізге федералды БАҚ-тарға, оның ішінде теле­канал­дарға шығуға жол жабық, енді адамдармен кездесуге мүмкіндік берілмеуде», дейді С.Миронов. Әзербайжан Ираннан нота алды Жақында Әзербайжан шекарашылары өлтірген адам адасып кеткен ирандық шекарашы болып шықты. Осыған байланысты Баку Теһраннан наразылық нотасын алды. Иран шекара қызметінің өкілі, полковник Мойтаб Муса­видің айтуынша, оның әріптесі патруль барысында қателесіп кетіп, Әзербайжан шекарасына аяқ басқан. Мусавидің сөзіне қарағанда, Әзербайжан шекарашылары заңсыз әрі жауыздық әрекетке барған. Мұның алдында Әзербайжанның мемлекеттік шекара қызметі шекара бұзушы әзербайжан шекарашыларына шабуыл жасамақ болды, сөйтіп, оларды қару қолдануға мәжбүрледі, деген еді. Қаза тапқан 20 жасар шекарашы Акбер Гасанпур екен.

Қысқа қайырып айтқанда:

*Грекияның мемлекеттік қарызы 350 миллиард еуроға жақын­дап келеді. Ел дефолт шегінде тұр. ХВҚ Грекияға 110 миллиард еуро бөлсе, бұл қаржы елді дағдарыстан шығаруға жеткіліксіз болып шықты. Сөйтіп, Афина тағы да қаржылай көмек сұрауға мәжбүр болып отыр. *Украинаның «Южное» конструкторлық бюросы көпфунк­ция­лы «Сапсан» зымырандық кешен құру жұмыстарын 2015 жыл­дың аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Кешен құруға шамамен 439,3 миллион доллар жұмсалмақ көрінеді. *Перуде фейерверктерге қатысты екі оқиға салдарынан кем дегенде 18 адам қаза тапты. Балаларды қоса алғанда 14 адам пиротехникалар тиелген автобус жарылған кезде көз жұмған. Екіншісінде жасырын зауыттан полиция тәркілеген пиротехникалар жарылған. Онда төрт полиция қызметкері опат болған. *Украина басшылығына Львов қалалық кеңесінің депутаты Руслан Кошулинский ұсыныспен шықты. Онда ол жергілікті тұрғындар Львов әуежайына Украина ұлтшылдары ұйымының (УҰҰ) көшбас­шысы болған Степан Бандераның атын беру туралы өтініш білдіріп отырғанын мәлімдеген. АҚШ-тың Алабама штатындағы Атмор қаласындағы түр­меде 2005 жылы алты айлық ұлын жауыздықпен өлтірген 38 жастағы Кристофер Томас Джонсон жазаланды. Оның денесіне мәңгілікке ұйықтататын дәрі жіберілді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.