• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2011

Палатаның қарауына жіберілді

320 рет
көрсетілді

Сенаттың Халықаралық қаты­нас­тар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде Қазақстан мен Қыр­ғыз­стан арасындағы өтеусіз әскери-техника­лық көмек көрсету туралы үкімет­аралық келісімді ратификациялау ту­ралы заң жобасы тал­қыланды. Құжатта Қырғызстанға өтеусіз әскери көмек көрсету және бронетранспортерлерді, автомобильдерді және минометтерді беру тәртібі айқындалған. Келісімнің 6-бабына сәйкес қыр­ғыз тарапы осы келісім шең­берінде Қазақстан тарапынан алған әскери мүлікті немесе оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бер­меу­ге міндеттенеді. Келісім 2011 жылғы 17 наурыз­да Астана қаласында жасалды. Заң жобасы палатаның қарауы­на жіберілді, деп хабарлады Парла­мент Сенатының баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар