• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2011

Тағы бір элеватормен толықты

273 рет
көрсетілді

Аққайың ауданында жаңа элеватор кешені пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Біләлов, Қазақстанның Еңбек Ері Геннадий Зенченко қатысты. Сыйымдылығы 30 мың тоннаны құрайтын астық қабылдау кәсіпорнын тұрғызуға «Иван Зенченко» ЖШС 400 миллион теңге жұмсады. Қондырғылар мен құрал-жабдықтар мұхиттың арғы жағынан жеткізіліп, түгелдей автоматтандырылған. 20 адам жұмыспен қамтылған. Мұнда күзгі орақтың алғашқы астығы қабылданып, зертханалық сараптама ылғалдылығын, кілегейлігін тез-ақ анықтап берді. Мемлекеттің қолдауымен іске қосылған нысанда астықты, тазартылған тұқымды ұзақ сақтаудың барлық жағдайлары қарастырылған. Облыстағы 50 астық қабылдау кәсіпорны осылайша тағы бір элеватормен толықты. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.