• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2011

Каддафи қаза тапты

457 рет
көрсетілді

Екі күннен бері әлемнің бұ­қаралық ақпарат құралдары Ли­вияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің қаза тап­қаны туралы хабарлап жатыр. Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің премьер-министрі Махмұд Джи­брильдің мәлімдеуінше, М.Каддафи тұтқындалған кезде жаралы және тірі болған. Оның көзін жою жөнінде бұй­рық берілмеген. Полковникті ауруханаға алып бара жатқан­да, оның жақтастары мен өт­пелі кеңес әскерлері арасында атыс болған. Атыс кезінде М.Каддафидің басына оқ тиіп, қайтыс болған. БАҚ-тар М.Каддафидің «соң­ғы минөттеріне» байланысты әртүрлі болжамдар айтуда. Бір­қа­тар БАҚ-тар М.Каддафи және оның жақтастары қоршауды бұ­зып, қашуға әрекет жасағанын, олар мінген автокеруенге әуеден соққы берілгенін, аман қалған бұрынғы ел басшысы мен шағын топ қаладағы кәріз құбырында жасырынып жатқанда тұтқынға алынғанын жазады. Ал куә­лар­дың бірі «Рейтер» агенттігіне «Каддафиді тұтқындалғанға дейін күзетшілерінің бірі атып өлтірді», деп мәлімдеген. Дегенмен, Ливия­ны 42 жыл басқарған полковник атыс кезінде басына тиген оқтан қаза тапты деген ақпарат қи­сынға келетін сияқты. Кеше М.Каддафидің өлі­мі­не байланысты АҚШ, Ресей, бас­қа да бірқатар мемлекет­тер­дің басшылары енді Ливияда саяси тұрақтылық орнайтын­ды­ғына сенімді екендіктері ту­ра­лы мәлімдеді. Ал полковник елде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты «құпия орын­да» жерленбек. Қай күні жерленетіні қазірге белгісіз.