24 қазан, дүйсенбі күні Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Беларусь Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Бұл сапар барысында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен, сондай-ақ Премьер-министрі Михаил Мясниковичпен кездесулер өтетіні қарастырылуда.
Мәжіліс Төрағасының Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының Төрағасы Владимир Андрейченкомен және Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Республикалық кеңесінің Төрағасы Анатолий Рубиновпен кездесулер өткізетіні жоспарлануда.
Орал Мұхамеджанов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясының (ҰҚШҰ ПА) отырысына қатысады деп күтілуде.