• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2011

Мәжіліс бюросының кезекті отырысы өтті

253 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұ­ха­меджа­нов­тың жетекшілігімен палата бюросының оты­рысы өтті. Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қа­зақстан Республикасы Тәуел­сіз­ді­гінің 20 жылдығына бай­ланысты рақымшылық жасау туралы», сондай-ақ зияткерлік меншікті дамыту мен қорғау тетіктерін жетілдіруге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда, ал адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жо­басы екінші оқылымда депутаттардың талқысына шыға­ры­ла­ты­нын хабарлады. Халықаралық істер, қор­ғаныс және қауіпсіздік комитеті «Азиядағы өзара іс-қи­мыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылы­ғы­ның, оның персоналының және мүше мемлекеттер өкіл­дерінің артықшылық­та­ры мен иммунитеттері ту­ра­лы конвенцияны ратификациялау туралы», «1992 жыл­ғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хат­таманы ратификациялау ту­ра­лы», «2002 жылғы 7 қазан­дағы Ұжымдық қауіпсіздік ту­ралы шарт ұйымының Жар­­ғысына өзгерістер енгізу ту­ра­лы Хаттаманы ратификациялау туралы», «Көп­жақ­ты сау­да жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі ту­ра­лы шартты ратификациялау туралы», т.б. бірқатар заң жо­ба­ларын жалпы оты­рыс­тың күн тәртібіне енгізуді ұсынды. Қаржы және бюджет комитеті кейбір заңнамалық актілерге валюталық реттеу және валюталық бақылау мә­селелері бойынша өзге­ріс­тер енгізу туралы, ал Эконо­микалық реформа және өңірлік даму комитеті «Ға­рыш қызметі туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылауға ұсынды. Үкімет­тен Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі де қаралатын болды. «Егемен-ақпарат».