• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2011

Индонезия делегациясымен жүздесу

351 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төр­ағасы И.Роговтың және Жоғарғы Сотының төрағасы Б.Бек­на­за­ров­тың Индонезия Республикасы Конституциялық сотының төр­ағасы М.Махфуд бастаған делегациямен кездесуі өтті. Кездесуді аша келе, И.Рогов бүгінгі таңда Қазақстан мен Ин­донезияның өзара қарым-қаты­нас­­тары аса қарқынды дамып от­ырғанын атап өтті. Өмірдің бар­лық салаларындағы жетістіктері арқылы Индонезия өзін жалпы адами құндылықтарға мойын бұрған демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде танытады. И.Роговтың пікірінше, Конститу­ция­ның үстемдігін қамтамасыз ету мәселелерінде Қазақстан мен Индонезияның конституциялық бақылау органдары жемісті ын­тымақтасып келеді. Индонезия­ның Конституциялық соты бұл мәселелер бойынша интеграция­лық үдерістерді Азия құрлығында күшейте түсуге бастама жасау­шылардың бірі болып табылады. Индонезияның Конституциялық соты 2010 жылы ұйымдастырған Азия елдері конституциялық сот­тары судьяларының 7-ші конфе­ренциясының қорытындысы бой­ынша Джакарта қаласында Азия елдері конституциялық соттары мен балама институттарының қауымдастығы құрылды. Аталған іс-шараға Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Конституциялық Кеңесінің делегациясы да қатысты. И.Рогов мейманды Қазақстан­ның осындай халықаралық құры­лымдардың жұмысына белсене қатысуға ниетті екендігінен хабардар етті. Бұл үдеріс басталып та кетті. Осыдан бірнеше күн бұрын Астана қаласында ресми сапармен болып қайтқан Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Турбьорн Ягландқа Еуропа Кеңесінің Құ­қық арқылы демократия үшін Еуропа комиссиясына (Венециялық комиссияға) мүшелікке өту ту­ралы Қазақстанның өтініші табыс етілді. Бұл ұйым конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету мә­селелері бойынша мемлекеттер­дің ынтымақтасуы саласындағы беделді халықаралық орган бо­лып табылады. Қазақстан таяу болашақта Конституциялық сот төрелігі жө­ніндегі бүкіләлемдік конферен­ция­ның және Азия елдерінің конс­титуциялық соттары мен ба­ламалы институттары қауымдас­тығының мүшесі болмақ. Бұл сапар шеңберінде сондай-ақ Парламенттің және Бас про­ку­ратураның басшылығымен кездесулер өткізу жоспарланған, сол ар­қы­лы құқық саласындағы ын­тымақ­тастығымыздың ауқымы ке­ңейе түседі, деп түйіндеді сөзін И.Рогов. Б.Бекназаров Қазақстанның сот жүйесі және оны модернизациялау бойынша қолға алынып жатқан шаралар туралы әңгімелеп берсе, М.Махфуд өз тарапынан арада қалыптасқан қарым-қаты­нас­тар­ды нығайтуға және дамыта түсуге мүдделі екендігін білдірді. Оның пікірінше, Қазақстан эк­о­номи­ка­сы өрлеу үстінде, сенімді құқық­тық жүйесі және тиімді конс­титуциялық бақылау үлгісі бар мемлекет. Кездесуден соң қонақтар Қа­зақстанның құқық тарихы мұра­жайын аралап, Қазақстан құқы­ғы­ның даму тарихына қатысты экс­понаттармен және түпнұсқа құ­жат­тармен танысты, деп хабарла­ды Қазақстан Республикасы Конс­титуциялық Кеңесінің бас­пасөз қызметі.