• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 27 Қыркүйек, 2017

Ақтауда киокушинкай-кан каратэден облыстық чемпионат аяқталды

685 рет
көрсетілді

Ақтау қаласында киокушинкай-кан каратэ спортынан Маңғыстау облысының ашық чемпионаты аяқталды. Оған Атырау, Ақтау және Орал қалаларынан 200-ден аса спортшы қатысқан.

«Маңғыстау Арена» спорт кешенінде өткен сайыста каратэшілер 26 дәреже бойынша күш сынасты. Нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының құрамасы 10 алтын, 13 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.

Ашық чемпионат кубогін иеленген жеңімпаздар қатарында Дария Талапқали, Мансұр Мақсот, Ердәулет Нұрадин, Әділ Байғуатов, Аружан Хуан, Нұргүл Сапарова, Берік Аяпберген, Азат Қаппанов, Валерия Сахарнова мен Қарақат Асылбекқызы бар.

Ал Аяулым Тарғын, Аңсар Нығметов, Батырхан Валиуллин, Вадим Чапурин, Әлинұр Әленғали, Максимилиан Сахарнов, Арнұр Әлбиев, Ильнар Ермұханов, Балжан Мәдениет, Айназ Мәшенова, Абылай Абат және Елхан Бекмұхамбеттер күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ Нұралы Әділгереев, Алина Серік, Исмаил Аманжол, Әмірхан Өтегенов, Татьяна Кованцова, Евгений Лыков, Саян Дүйсен және Асылжан Жасбуыновтар Оралға қола медалмен оралды.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

«Егемен Қазақстан»