• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қыркүйек, 2017

Шекара күзетшілеріне шабуылдаған Жанбай ауылының тұрғыны қамалды

654 рет
көрсетілді

Шекара күзетшілеріне шабуыл жасаған Жанбай ауылының тұрғыны қамаққа алынды. 

Әскери бөлімнің қызметкерлері кешкі спорттық жүгіруден соң өздерінің әскери бөлімшелеріне қарай жол жиегімен келе жатқан кезде, «Тойота Лэнд Крузер» автокөлігі қызметкердің бірін қағып кетпек болған. Әскери қызметкерлер әскери бөлімнің аумағына кірген кезде бірнеше көлікпен келген ауыл тұрғындары жасақ аумағына кіруге тырысқан. Сол уақытта автоматтан жоғарыға оқ атылып, әскери бөлімнің алдына адамдар тобы жиналған. Ауыл тұрғыны С.А. қоғамдық орында құқық қорғау органы өкілдерін балағаттаған. Аудандық соттың қаулысымен С.А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Атырау облысы Исатай ауданындағы Жанбай ауылы – Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Заңсыз балық аулаушылар көп тіркелетін ауылда бұған дейін де шекарашылармен қақтығыстар болған еді.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ