• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қыркүйек, 2017

Шымкентте деструктивті діни ағым мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

322 рет
көрсетілді

Шымкенттегі деструктивті діни ағым мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы күдіктілерді қамауға алу туралы санкция берген Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстан мәлімдеді деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Судья топтың үш мүшесіне діни алауыздықты қоздыру деген айып тағылғанын айтады.

«Күдіктілердің ішінде Жүсіпбеков пен Борашовқа қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі «Жария түрде немесе ақпарат құралдары арқылы діни араздықты қоздыру» бойынша іс қозғалды. Ал үшінші күдікті Ізтілеуов Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1 және 2-бөлігімен «Алдын ала сөз байласу арқылы діни алауыздықты қоздыру», 256-баптың 1-бөлігі «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша айып тағылды. Олардың қылмыстарының экстремизмге қатысты болуына байланысты қамауға алу туралы санкция берілді», - деді Ғани Байарыстан.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы