• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
25 Қазан, 2011

Авторлық бағдарламаға арналды

401 рет
көрсетілді

Отан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық ор­та­лығының ұйытқы болуымен жақында Щучье қаласындағы «Бал­дәурен» респуб­ликалық оқу-сауықтыру орталы­ғы база­сында «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық конкурс өтті. Оған республиканың барлық аймағы­нан жиналған ең үздік педагогтар мен психологтар қатысты. Алқалы жиында дарын­ды балаларға білім беру мәселелері талқы­ланып, үздік әдісте­ме­лер мен оқыту бағ­дар­ламалары ұсынылды. Еліміздегі дарынды балаларға арналған 115 білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесін 6 мыңға жуық педагогтар іске асыруда. 2011 жыл­ғы конкурстың қоры­тынды кезеңіне ұсы­нылған әртүрлі бағыт­тағы 162 жұмыстың 85 жобасы өтті. Шы­ғыс Қазақстан, Қостанай, Ал­маты, Қара­ғанды, Оңтүстік Қазақстан облыс­тары­ның, Астана қаласы, республикалық маман­дан­­дырылған дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының ұстаздары ерекше белсенділік танытты. Конкурс жеңімпаздары мен жүлде­герлері министрліктің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Одан кейін педагогтар Бурабай тарихи және табиғи ескерткіштер аймағына саяхат жасады. Сүлеймен МӘМЕТ.