Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Түркияда болған жер сілкінісінің салдарынан көптеген адамдардың құрбан болғанына байланысты көңіл айтты және апаттың салдарын жоюға қажетті көмек беруге дайын екендігін білдірді.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективасын, сондай-ақ Алматыда өткен Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық кеңесінің I Саммитінің қорытындыларын талқылады.
Түркия Президенті Абдулла Гүл жоғары деңгейдегі кездесуге қатыса алмағанына байланысты өкінішін білдірді.