Ортсайлауком сайлау процестерінің ерекшеліктеріне үйрету үшін тренерлік корпусты даярлау бойынша семинар өткізуде.
3-5 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы алғаш рет ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында «Қазақстан Республикасында сайлау процестерін ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша бұдан әрі оқытуды жүзеге асыру үшін тренерлік корпусты даярлау» тақырыбында электораттық оқыту бойынша семинар өткізуде.
Семинардың мақсаты республикалық деңгейден жергілікті деңгейге дейін сайлау комиссиялары кадрларының біліктілігін арттыру, сайлау комиссияларының мүшелері мен басқа да сайлау процесіне қатысушыларды бұдан әрі оқытуды жүзеге асыру үшін тренерлік корпусқа сайлау тақырыбы бойынша оқыту құзыреттері мен машықтарын үйрету болып табылады.
Семинар Ортсайлаукомның 2017 жылға арналған электораттық оқытуының соңғы кезеңі болып табылады.
Семинарға еліміздің 14 өңірінен, Астана және Алматы ққ. барлығы 150 тренер қатысуда.
Іс-шараны аша отырып, ҚР ОСК Төрағасы Берік Имашев осы жылы Ортсайлауком өз қызметін республикалық деңгейден жергілікті деңгейге дейінгі сайлау комиссияларының кадр біліктілігін арттыру сияқты маңызды бағытқа шоғырландырғанын атап өтті. Электораттық оқытудың 150 тренерін дайындаудың пилоттық жобасы сайлау комиссияларының мүшелерін оқытуды жүйелі ұйымдастырудағы алғашқы қадам болып табылады.
Семинарға қатысушылар алдында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев Қазақстанда сайлау жүйесін дамыту туралы дәріс оқыды.
«Мемлекет басшысы бастама етіп көтерген әлеуметтік жаңғырту жағдайында біздің алдымызда тұрған жаңа мақсаттар мен міндеттер өңірлік сайлау комиссияларындағы әріптестеріміздің жоғары кәсіби даярлығын талап етеді.
Сайлауды ұйымдастырушылар алдында тұрған негізгі міндет – заңды бұлжытпай орындау. Халықтың Қазақстанның сайлау жүйесіне деген сенімі, ең алдымен, осыған байланысты», - деді Б. Имашев.
Сондай-ақ семинарда ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров, ОСК мүшелері Владимир Фоос және Марат Сәрсембаев дәріс оқыды.
Семинарға қатысушылар үшін ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров, ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина және ОСК мүшелері Владимир Фоос, Бақыт Мелдешов, Ләззат Сүлеймен практикалық сабақтар өткізді.
Семинардың қорытындылары бойынша қатысушыларға сертификаттар тапсырылатын болады.