• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қазан, 2017

Алматыдағы ұшақ апатын тексеруге арнайы комиссия құрылды

307 рет
көрсетілді

Алматы облысында болған АН-28 ұшағы апатын тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бүгін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр басшылығымен комиссия мүшелері авиациялық оқиға орын алған жерге аттанды. Оқиғаның анық-қанығы жақын арада белгілі болады» делінген министрлік хабарламасында. Сондай-ақ, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек әуе апатынан қаза тапқан экипаж мүшелері - әуе кемесінің командирі Геннадий Цой, екінші пилот Евгений Кутафин, авиатехник Бейшибек Ахматбаев, Акушерия, гинекология және перинаталогия ғылыми орталығының профессоры, дәрігер акушер-гинеколог Патсаев Талғат Анапиұлы мен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог дәрігері Артықбаев Жәнібек Түкенұлының жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтатындығын жеткізді.

3 қазан күні Алматы-Шымкент бағытында санитарлық авиарейсін орындаған «АН-28» ұшағы сағат 18:47-де Алматыдан 28 шақырым қашықтықта родардан жоғалып кетті.  Сосын сағат 19.15-те ұшақ Алматы облысы Іле ауданының Междуречинск ауылы маңында апатқа ұшырап, өртенгені хабарланды. Бортта болған 5 адам қаза болды.