• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қазан, 2017

Еркін елдің ерікті таңдауы

410 рет
көрсетілді

Тәуелсіз Қазақстанның күн сайын қарыштап дамуы жолындағы басты қағидаларының беріктігі негізінде Отанымыз түбегейлі жаңғыру мен жаңа мүм­кіндіктерге жол ашуға қабілетті бо­лып отыр

Барша қазақстандық жас­тар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құн­дылығы зор бағдарламалық мақа­ла­сынан үлкен жігер, болашаққа деген сенім алды! Президентіміз «сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс» деп жастарды заман талабына сай жан-жақ­ты болуға үндеді. «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласы арқылы Н.Ә.Назарбаев дамыған 30 ел­дің қатарына қосылу жолында жас­тардың қосар үлесі орасан зор маңызға ие екендігін баса көрсетті. Ұлт­­тық құндылықтарды дәріптеу әр­қа­­шан ана тілді қастерлеуден бастау ала­ды. Әлемдегі инновациялық жаңа­шыл­дықтардың барлығы ең алдымен латын графикасында шығады. Яғни  бұл ақпаратты технологияларды жетік меңгерген жастарға ыңғайлы тәсіл екені анық.

 Латын әліпбиіне көшу – біздің тәуелсіз еліміздің ерікті таңдауы. Қазақ халқының иірімі мол, құнарлы тілі өзгеріске де өте икемді. Бүгінгідей қай­­та жаңғыру талабы қойылып отыр­ған­да, ғылым мен техниканың көз ілес­пес жылдамдықпен дамып бара жат­қ­ан кезеңінде пайда болып отыр­ған жаңа терминдер мен атаулар дәл осы латын таңбасына қолайлы екенін аңдатып отыр. Қазіргі заманауи ғылымның тілі де латын қарпімен тікелей байла­ныс­ты. Ағылшын тілінің үстемдігі дәу­ірлеп отырған заманда ақпарат пен әдебиеттің тілі де осы латын болып отыр, жер-жаһанның хал­қы техника мен руханияттың жаңа­лы­ғын осы таңба арқылы түсінеді. Ен­деше бу­ырқанысқа толы бүгінгідей жаһан­да­ну үдерісінен қазақ қоғамы да сырт қала алмайды. 24 сағат өмірі компьютермен байланысты жастардың латын әрпін ауырсынбай қабылдап, қол­дайтынына еш күмәнім жоқ. Жаңа биік­ке секіріс жасағалы тұрған бұл қа­да­мның қазыналы тілімізді одан әрі бай­ытып, қолданыс аясын кеңейте тү­сетіні сөзсіз.

 

Еркебұлан ДАЙЫРОВ,

актер, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты

Алматы

Соңғы жаңалықтар