• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2017

Тұрғын үйлерге жылу берілуде

174 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика министрлігінің өкілдері 2017-2018 жылдарғы күзгі-қысқы кезеңді өткізу дайындықтары жөнінде баспасөз конференциясын өткізді.  

Жиынға қатысқан  Энергетика минис­тр­лігі Атомдық және энергетикалық қада­ғалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйе­сі Ресей Федерациясының және Орта­лық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатар штаттық режімде жұ­мыс істеп жатқанын жеткізді. 

«Ағымдағы жылдың басынан бері республикада 75 млрд кВт сағат немесе өткен жылғы деңгейден 9,5 пайызға көп электр энергиясы өндірілді және 71,7 млрд кВт сағат немесе өткен жылғы деңгейден 6,7% пайызға артық электр энергиясы тұтынылды», деді спикер.

Сонымен қатар Сұңғат Есімханов бүгін­гі таңда солтүстік өңірлердің бар­лығында жылу беру маусымы басталғанын, барлық әлеуметтік нысандарда жылу беріліп жатқанын, тұрғын үйлерге 80 па-йыз жылу берілгенін мәлімдеді.

«Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Астана қаласында әлеуметтік нысандар толығымен қосылған, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында бұл нысандар 80 % деңгейінде қосылған. Жылыту жүйесіне ең көп қосылған тұрғын үйлер Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында», деді ол.  

Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»